Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі.
Салауатты өмір салты - ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның салауатты өмір сүру салты өздігінен қалыптаспайды. Салауатты өмір сүру салты өмір сүруде мақсатты түрде қалыптасады. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн.
Халықтың
салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Салауатты өмір
салты» кешенді бағдарламасы, сондай-ақ Денсаулық
сақтауды реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
аясында шаралар кешені іске асуда.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында
2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге
көтерілу үшін рухани байлықтың,
денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені
мәлім. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын
қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз
абзал.
Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Десе де осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді.
Салауатты өмір салты дегеніміз – денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады.
Салауатты өмір сүру салты – адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты – шаруашылық, күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық ұйымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды балағаттамау, біреудің теріс жолға түсуіне себепші болмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көрмеу, ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұтымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану-деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Cпорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Спортпен шұғылданғаннан кейін тері қызарады, тер көп шығады, дене қызады. Осыған орай адам терісі өз түсін өзгертеді. Дене шынықтыру бұл әр адамның денсаулығын жаксарту үшін қажетті биологиялык және социологиялық мағынасы бар емдеу түрі. Сондықтан мектеп жағдайында дені сау, толық қанды, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады.
БҮГІНГІ таңда «№8 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА» ШЖҚ МКК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ 9 МЕКТЕБІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ:
· Артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы мектебі;
· Бронхиалды астма мектебі;
· Қант диабеті мектебі;
· Мінез-құлық қауіп факторлары мектебі;
· Қарт адамдарға арналған мектеп;
· Отбасын жоспарлау мектебі;
· Босануға дайындық мектебі.
· Инсульт мектебі
· Баланың дұрыс жетілуі мектебі;
Денсаулық мектебінің жұмыс кестесі
№ |
Денсаулық мектебтерінің атауы |
Жауапты орындаушылар |
Өткізілетін орын |
Өткізілетін уақыт |
1 |
Инсульттың алдын алу .
|
Неврапатолог : Сексенбаева Г.Ж. Дәрігер СӨСҚ: Джамбаева М. А. Психолог: Данебекова Ж.Ж. Әлеуметтік қызметкер: Мұратова А.А. |
№106 кабинет
|
Апта сайын, бейсенбі 10.00-11.10 сағат
|
2 |
Қант диабеті
|
Дәрігер СӨСҚ : Джамбаева М. А. Психолог : Бексеит Қ.Ғ. Әлеуметтік қызметкер : Мұратова А.А. |
№106 кабинет
|
Апта сайын, сейсенбі 14.00-15.10с
|
3 |
Бронх демікпесі.
|
Дәрігер СӨСҚ : Джамбаева М. А. Психолог : Розахунова И.Т Әлеуметтік қызметкер : Мұратова А.А. |
№106 кабинет |
Апта сайын , сейсенбі 10.00-11.10 с. |
4 |
Мінез-құлық факторлары.
|
Дәрігер СӨСҚ: Джамбаева М. А. Психологтар : Бексеит Қ.Ғ. Данебекова Ж.Ж. Розахунова И.Т. Әлеуметтік қызметкер Мұратова А.А.
|
№106 кабинет |
Апта сайын сарсенбі 10.00-11.10с. |
5 |
Артериалық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы. |
Кардиологтар: Абдраимова Р.К. Психолог: Розахунова И.Т.
Әлеуметтік қызметкер : Рақымғазы Г.А.
|
№106 кабинет |
Апта сайын , бейсенбі 10-11.10 с . |
6 |
Белсенді ұзақ өмір.
|
Дәрігер СӨСҚ : Джамбаева М. А. Психолог; Розахунова И.Т. Әлеуметтік қызметкер: Рақымғазы Г.А.
|
№106 кабинет
|
Апта сайын, жұма 11.00-12.10с. |
7 |
Жан-ұяны жоспарлау.
.
|
Гинеколог : Жұманиязова М. А.
Психолог : Бексейт Қ.Ғ |
№310 кабинет |
Күнделікті.
Апта сайын 8.00-16.00 с.
|
8 |
Бала босануға дайындық |
Гинеколог : Жұманиязова М. А. Психолог : Бексейт Қ.Ғ
|
№310 кабинет |
Күнделікті.
Апта сайын 08.00-16.00. |
9 |
Баланы дамыту бөлмесі |
БДБ медбикесі: Куатбаева Ұ.А. Психолог: Данебекова Ж.Ж
|
№209 кабинет |
Күнделікті. 08.00- 16.00с. |
10 |
Салауатты өмір салтын қалыптастыру. |
Дәрігер СӨС: Джамбаева М. А. Психологтар: Данебекова Ж.Ж. Розахунова И.Т. Бексеит Қ.Ғ.
|
№106 кабинет |
Күнделікті. 8.00-16.00с |